КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ
Миссия: қоғамның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына тез бейімделе алатын білікті жаңа буын кадрларын даярлау (колледждің миссиясы оның түпкілікті нәтижеге бағытталған қызметінің мәнін білдіреді, колледж мәртебесін, оның жұмыс принциптерін және басшылықтың ниетін жариялайды).
Пайымдау: дәстүрлерді сақтай отырып және инновацияларды енгізе отырып, оқу орны әлемдік ғылыми және практикалық жетістіктер мен жалпыадамзаттық құндылықтар, сондай-ақ өңірдің қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптары негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін колледж ретінде белгіледі.
Стратегиялық мақсаты: білім беру бағдарламаларын нәтижелі орындау арқылы өзінің кәсіби әлеуетін іс жүзінде іске асыра алатын ауыл шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлауды жүзеге асыру.
Стратегиялық міндеттер:
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану, педагогикалық құрамның шығармашылық әлеуетін арттыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын мемлекеттік стандарттар деңгейінде меңгерген түлектің жоғары рейтингісіне қол жеткізу арқылы оқу-білім беру және тәрбие процесін жетілдіру.
Колледждің білім беру, тәрбие, Әлеуметтік және тұрмыстық қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны нығайту және үздіксіз жаңғырту.
"Рухани жаңғыру – болашақ қабағдар" және "Ұлы даланың жеті қыры"бағдарламаларына сәйкес білім алушыларды қазақстандық патриотизм және жоғары азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиелеу.
Колледж қызметкерлерінің еркін шығармашылығы, білім деңгейін арттыру, кәсіби жетілдіру және өз ойын білдіру үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
Колледж түлектерінде өңірдің және республиканың еңбек нарығының сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру үшін жоғары деңгейдегі кәсіби білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Өңірдің және республиканың еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне сәйкес бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие маман даярлау мақсатында колледждің әлеуметтік әріптестік саласын жетілдіру.
Саясат: еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кәсіби құзыреттілікті жетілдіру мақсатында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы кәсіби және әлеуметтік құзыреттілікке ие азамат пен патриоттың өзін-өзі қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті тұлғасын дайындау.
Шемонаиха колледжінің миссиясы - өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамның техникалық, ғылыми, адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау және көбейту арқылы заманауи сапалы білім беруді қамтамасыз ету.